17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Евгений Малкин «Питтсбургтен» жаңа келісімшарт алмайды

Евгений Малкин «Питтсбургтен» жаңа келісімшарт алмайды

The Athletic мәліметі бойынша, Евгений Малкин өз мансабын «Питтсбург Пингвинс» командасында аяқтайды — клуб 2025/26 маусымы аяқталғаннан кейін ресейлік шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынбайды.

38 жастағы шабуылшының «пингвиндермен» қазіргі келісімшарты келесі маусым соңына дейін жалғасады, жылдық жалақысы 6,1 миллион долларды құрайды. Ағымдағы маусымда Малкин 68 ойын өткізіп, 50 ұпай жинады — 16 гол мен 34 нәтижелі пас.

«Питтсбург» құрамында үш мәрте Стэнли Кубогын жеңген хоккейші өз болашағы туралы:

«Питтсбургтен» кейін Ресейде ойнамаймын. Мүмкін, «Металлургта» қоштасу үшін бір ойын өткіземін. Мансабымды «Пингвинсте» аяқтаймын — бұл менің жалғыз командам»