22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Евгений Королев уақытша «Барыс» бас бапкері болып тағайындалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Евгений Королев уақытша «Барыс» бас бапкері болып тағайындалды

Ресейлік маман Евгений Королев Астананың «Барыс» хоккей клубының уақытша бас бапкері қызметіне кірісті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Мұндай шешім өткен маусымдағы нәтижелердің көңіл көншітпеуіне байланысты қабылданған. Қазіргі таңда негізгі команда құрамындағы бапкерлік өзгерістерді рәсімдеу процесі жүріп жатыр. Сол себепті Евгений Королев клуб барлық регламенттік процедураларды аяқтағанша уақытша бас бапкер қызметін атқарады.

Айта кетейік, Королев 2024 жылдың қыркүйегінде де бас бапкер Дэвид Немировскийдің отставкасынан кейін «Барыстың» уақытша тізгінін ұстаған болатын. Клуб жақын арада өзгерістерге қатысты толық ақпарат беретінін мәлімдеді.