Оқу уақыты: 1 мин

«Эвертон» Гудисон Паркті сақтап қалды — енді ол әйелдер командасының үйі

«Эвертон» Гудисон Паркті сақтап қалды — енді ол әйелдер командасының үйі

BBC Sport мәліметінше, «Эвертон» клубының басшылығы тарихи Гудисон Парк стадионын бұзбау туралы шешім қабылдады. Ерлер командасы жаңа аренаға көшкен соң, 132 жылдық стадион әйелдер командасының негізгі алаңына айналады.

Бұған дейін Гудисон орнына сауда және тұрғын үй кешені салынбақ болған. Алайда клубтың жаңа иелері — Friedkin тобы — зерттеу жүргізіп, стадионды сақтап қалуды жөн көрді.

39 572 жанкүйерге арналған арена енді Ұлыбританиядағы әйелдер футболына арналған ең үлкен стадион болмақ. Қазір әйелдер командасы небәрі 2200 орындық Уолтон Холл Парк стадионында ойнап жүр.

«Гудисон — тек эвертондықтар үшін емес, жалпы футбол қауымдастығы үшін де аса құнды орын. Мұндай нысанды сақтап қалу — біз үшін үлкен мәртебе», — деді клуб басшысы Ангус Киннир.

Стадионда клуб академиясының матчтары да өтетін болады, ал киім ауыстыратын бөлмелер әйелдер командасының талаптарына сай жаңартылмақ.