22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Eurosport Nederland» журналисі Дияр Нұрғожай – Уран Сатыбалдиев жекпе-жегіне болжамын айтты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Eurosport Nederland» журналисі Дияр Нұрғожай – Уран Сатыбалдиев жекпе-жегіне болжамын айтты

«Eurosport Nederland» тілшісі Марсель Дорфф Sports.kz сайтына берген пікірінде қазақстандық Дияр Нұрғожай (10-1) мен қырғызстандық Уран Сатыбалдиев (8-1) арасындағы айқастың фаворитін атау қиын екенін айтты.

«Бұл жекпе-жекте кім фаворит екенін айту қиын. Дияр бразилиялық Брендсон Рибейромен кездесуде ең үздік деңгейінде көрінбеді. Уран да Мартин Будайға жол берген, бірақ ол ауыр салмақта және өте тартысты айқаста болды. Сондықтан бұл кездесудің қалай аяқталатынын болжау оңай емес», — деді сарапшы.

Жартылай ауыр салмақтағы кездесу 23 тамыз күні Шанхайда өтетін «UFC Fight Night 257» турнирі аясында ұйымдастырылады.