04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Eurosport: Бекзат Алмахан UFC-де сенсация жасай алатын деңгейде

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Eurosport: Бекзат Алмахан UFC-де сенсация жасай алатын деңгейде

Испаниядағы Eurosport редакциясы жеңіл салмақтағы UFC жауынгері Бекзат Алмаханның (12-2) әлеуетін жоғары бағалады.

Басылым атап өткендей, 22 қараша күні Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде Алмахан Испанияда тұратын грузин спортшысы Александр Топуриямен (6-1) жекпе-жекке шығады.

«Алмахан – өте мықты қарсылас. Оның кәсіби мансабында небәрі екі жеңіліс бар. Соның бірі – жеңіл салмақтағы бұрынғы титулға үміткер әрі Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умар Нурмагомедов. Жуырда Бекзат сол сәтсіздікті еселеп, UFC 315 турнирінде Брэд Катонаны нокаутпен жеңіп, сенсация жасады», – деп жазады Eurosport.

Еске сала кетсек, Бекзат Алмаханның соңғы жеңісі UFC-дегі мансабын жаңа деңгейге көтеріп, жанкүйерлер мен сарапшылар назарын аударған еді.