Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Еуропа лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды

Еуропа лигасының 1/4 финалының қарымта кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Айнтрахт» — «Тоттенхэм» 0:1. Бірінші матч 1:1

«Лацио» — «Будё-Глимт» 3:1 (2:3 пенальти). Бірінші матч 0:2

«Манчестер Юнайтед» — «Лион» 5:4 (Қосымша уақты). Бірінші матч 2:2

«Атлетик» Бильбао — «Рейнджерс» 2:0. Бірінші матч 0:0

Осылайша, Еуропадағы екінші маңызды клубтық турнирдің жартылай финалында келесі командалар ойнайды:

«Тоттенхэм» (Англия) — «Будё-Глимт» (Норвегия)

«Атлетик» (Испания) — «Манчестер Юнайтед» (Англия)

Алғашқы матчтар 1 мамырда, қарымта кездесулер 8 мамырда өтеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!