Оқу уақыты: 1 мин

Еуропа лигасының финалында — «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм»

Еуропа лигасының финалында — «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм»

Англияның қос алып клубы — «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» Еуропа лигасының финалына жолдама алды. Екі команда да жартылай финал кезеңін сенімді түрде еңсерді.

«Юнайтед» баск елінің өкілі «Атлетик Бильбаоны» тізе бүктірді:

  • Бірінші матч — 3:0
  • Қайтару ойыны — 4:1

«Тоттенхэм» де Норвегияның «Будё-Глимт» клубына қарсы айқын басым болды:

  • Бірінші матч — 3:1
  • Қайтару ойыны — 2:0

Енді ағылшын финалы 21 мамыр күні Бильбаода өтеді. Осы кеште Еуропа лигасының жаңа иегері анықталып, маңызды трофей Ла Лига клубының үйінде, бірақ өзге біреуінің қолына өтпек.