Оқу уақыты: 1 мин

Еуропа лигасының финалы: Тоттенхэм мен Манчестер Юнайтед Бильбаода кездеседі

Еуропа лигасының финалы: Тоттенхэм мен Манчестер Юнайтед Бильбаода кездеседі

21 мамырдан 22 мамырға қараған түні Испанияның Бильбао қаласындағы «Сан Мамес» стадионында Еуропа лигасының финалдық матчі өтеді — «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі.

Екі ағылшын клубының текетіресін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді — хабар таратудың басталуы Астана уақыты бойынша 23:50-ге жоспарланған. Букмекерлік компаниялар манкуниандықтарды кездесудің минималды фавориті деп санайды.

Шешуші матчқа жету жолында екі клуб та әсерлі нәтижелер көрсетті:

  • «Тоттенхэм» АЗ (3:2), «Айнтрахт» (2:1) және «Буде-Глимт» (5:1) клубтарын жеңді
  • «Манчестер Юнайтед» «Реал Сосьедад» (5:2), «Лион» (7:6) және «Атлетик» (7:1) клубтарын турнирден шығарды

Ұлттық біріншілікте финалистердің жағдайы мәз емес — екі клуб та құлдырау аймағына жақын орналасқан: «қызыл жындылар» 16-орында, ал лондондықтар АПЛ турнирлік кестесінде 17-позицияны иеленіп отыр.