Оқу уақыты: 1 мин

ЕУРО-2026 – Дуглас пен Лео үшін соңғы турнир

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ЕУРО-2026 – Дуглас пен Лео үшін соңғы турнир

Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака «Nursultan Qurman» YouTube арнасына берген сұхбатында Дуглас пен Леоның ұлттық құрамадағы соңғы турниріне қатысты пікір білдірді.

«Иә, Лео мен Дуглас үшін (олар бұл туралы құраманың ішінде жариялаған сияқты) ЕУРО-2026 – соңғы турнир болмақ. Қайсысы болсын – іріктеу, плей-офф немесе финалдық кезең – олар үшін бұл құрамамен өтетін соңғы жарыс. Мұның бір күні болатыны белгілі еді. Бір кездері Дінмұхаммед Сүлейменов құрамадан кеткендей, енді Игита мен Чыңғыз Есенамановтың да уақыты келеді. Бұл – өмір, бұл – спорт. Біз жаңа буын осы деңгейге сай болуы үшін жұмыс істеуіміз керек, дәл қазір осы бағытта еңбек етіп жатырмыз.» — деді Кака.

Осылайша, Қазақстан футзалының бір дәуірі аяқталуға жақын. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрама намысын қорғаған Дуглас пен Лео командаға зор үлес қосты. Енді олардың орнын жаңа ойыншылар баспақ.