Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

ESPN: Канело және бокс ұйымдары Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартуы мүмкін

ESPN: Канело және бокс ұйымдары Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартуы мүмкін

ESPN журналисі Бернардо Пилаттидің пікірінше, Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) және жетекші бокс ұйымдары Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жек өткізуден бас тартуы мүмкін.

«Тіпті Әлімханұлы суперорта салмаққа көтерілсе де, онда да қиындықтарға тап болуы мүмкін. Егер әлем чемпионы ‘Канело’ 3 мамырда жеңіске жетсе, ол Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келе ме? Және IBF немесе WBO бұл міндетті жекпе-жекті мақұлдай ма?» — деді Пилатти.

Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, ал Сауль Альварес мамыр басында жеңілмеген кубалық Уильям Скаллмен (23-0, 9 КО) суперорта салмақтағы абсолютті чемпион атағын қорғауға дайындалуда.