20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен әлем чемпионатында 1/4 финалға шықты

Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен әлем чемпионатында 1/4 финалға шықты

Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалына өтті.

Жерлесіміз 63 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетуде.

Ол бұл кезеңде Солтүстік Корея өкілі Чан Киммен кездесті. Нәтижесінде Ержет Жарлықасын 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Ислам Евлоев (87 келіге дейін) 1/4 финалға өткен болатын.