21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ертуған Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ертуған Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Семей қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда.

65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ертуған Зейнуллинов жартылай финалда Илья Калининмен күш сынасты. Алғашқы раундтан бастап қос боксшы жоғары қарқында жұдырықтасты. Алайда Ертуған соққы алмасу кезінде дәлдік пен жинақылық танытып, төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

«Бұл — Қазақстан чемпионатындағы әзірге ең қиын жекпе-жек болды деп айта аламын. Жалпы біздің салмақта 39 боксшы бар. Солардың арасынан үздік шығу оңай емес», — деді Ертуған Зейнуллинов жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, Ертуған Зейнуллинов өткен жылы да осы салмақта Қазақстан чемпионы атанған болатын.