04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ертуған Зейнуллин Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ертуған Зейнуллин Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллин World Boxing ұйымы ұйымдастырған бокстан Әлем кубогының ширек финалында сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Франция өкілі Юго Гроны ұтты.

Төрешілер жеңісті бірауыздан Зейнуллинге берді. Осылайша Ертуған кемінде қола медальді қамтамасыз етті. Ал француз боксшысы жүлдесіз қалды.

Ертуған Зейнуллин – жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, студенттер арасындағы әлем чемпионы және Қазақстан чемпионы. Ел ішіндегі біріншіліктен кейін ол спорттық мансабын курьерлік қызметпен қатар алып жүргенін айтқан еді.