04.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі қызметін атқарып келген белгілі журналист Ермұхамед Мәулен ұлттық құраманың баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы kff.kz хабарлады.

Ермұхамед Мәулен Федерацияда ұзақ жылдан бері қызмет атқарып келген. Ол 2014 Бразилияда өткен мундиальда қазақ телевизиясы тарихында алғаш рет оқиға орнынан трансляция жүргізген.

2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.

2020 жылы «Qazsport» телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.

2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. 2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалды.