Оқу уақыты: 1 мин

Ермахан Ибраимов екі дүркін олимпиада чемпионын тәрбиелеу жайлы арманын айтты

Ермахан Ибраимов екі дүркін олимпиада чемпионын тәрбиелеу жайлы арманын айтты

Сидней-2000 Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін олимпиада чемпионын дайындау жөніндегі ұмтылысы туралы айтты, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Менің арманым — Қазақстаннан екі дүркін олимпиада чемпионын тәрбиелеу. Бұл жетістікке: Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов, Серік Сәпиев өте жақын болды, бірақ белгілі бір сәтте олардың жолында сәтсіздіктер кездесті, сондықтан қазақ халқы әзірге бұл биіктікті бағындыра алмай келеді, — деді Ибраимов «Таңшолпан» бағдарламасының эфирінде.

Олимпиада алтынын жеңіп алған қазақстандық боксшылар:

  • Бақтияр Артаев — Афины-2004 чемпионы
  • Серік Сәпиев — Лондон-2012 чемпионы
  • Данияр Елеусінов — Рио-2016 чемпионы