08.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эрлинг Холанд Гвардиола жайлы пікірін айтты

Эрлинг Холанд Гвардиола жайлы пікірін айтты

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд команда бапкері Хосеп Гвардиола туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Euro-football.ru-ға сілтеме жасап.

Норвегиялық жексенбі күнгі Премьер-Лиганың «Ливерпульге» қарсы ойыны алдында испаниялық бапкердің жұмысы туралы ой қозғады.

«Гвардиола — данышпан. Оның ұдайы жеңіске жетуі ғажап емес – мұның бәрі оның қажырлы еңбегі мен жанқиярлығының арқасында. Оның клуб үшін және бүкіл мансабы үшін жасағаны керемет. Бұл бірге жұмыс істеу: біз оның айтқанын тыңдауымыз, оның нұсқауларын орындауымыз және жоғары деңгейде ойнауымыз керек. Ол бұған лайық», — деп келтіреді журналист Джек Гаган Холандтың сөзін.