08.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ерлан Жамантаев Qazaqstan Football League президенті болып сайланды

Qazaqstan Football League президенті лауазымына Ерлан Жамантаев сайланды. Бұл шешім Лига мүшелерінің сырттай отырысында қабылданды, — деп хабарлайды 1bol.kz. Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы отандық маманның кандидатурасын мақұлдады.

Ерлан Жамантаевтың есімі отандық спортта кеңінен танымал. Ол кезінде кәсіби футболмен айналысып, «Ұшқын-Искра» атты жекеменшік клубтың жетекшісі, бас бапкері болды. Түрлі жылдары жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндеп, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментін басқарды.

2021-2023 жылдары «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы қызметін атқарып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Осыған дейін 2024 жылы Бірінші лиганың бес дүркін жеңімпазы атанған «Оқжетпес» ФК директоры болды.

Сондай-ақ, ол «Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы» қауымдастығының бас хатшысы міндетін атқарады.