22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ерлан Сағымбаев «Барыс» бапкерлік штабынан кетеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ерлан Сағымбаев «Барыс» бапкерлік штабынан кетеді

Қазақтандық маман Ерлан Сағымбаев алдағы уақытта «Барыс» хоккей клубының бапкерлік құрамынан кетеді. Бұл туралы «Головой об лёд» блогы хабарлады.

Сағымбаев өткен жылдың қазан айында Ғалым Мамбеталиевтің бас бапкер қызметіне тағайындалуына байланысты клубқа қайта оралған болатын. Алайда бапкерлік құрамдағы өзгерістерге байланысты ол қызметінен босатылмақ.

Айта кетейік, Ерлан Сағымбаев Ғалым Мамбеталиевтің көмекшісі ретінде Қазақстан құрамасымен бірге екі әлем чемпионатына қатысқан.