03.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Еркін Тапалов Уэльс пен Бельгияға қарсы матчқа қатыспайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Еркін Тапалов Уэльс пен Бельгияға қарсы матчқа қатыспайды

Алmatылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркін Тапалов әлем чемпионаты–2026 іріктеуіндегі Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарға қатыспайды, деп хабарлады Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдын ала баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, ойыншы тығыз матч кестесіне байланысты тізе шеміршегін жарақаттаған.

Сонымен бірге Ислам Чесноковтың да жарақаты бар, футболшының алаңға шығуы матч алдындағы соңғы шешімге байланысты болады.

Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте Астанада Уэльспен, ал 7 қыркүйекте Брюссельде Бельгиямен ойнайды.