06.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Еркебұлан Тоқтар: «Марсельді тоқтамай ұрамын»

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Еркебұлан Тоқтар: «Марсельді тоқтамай ұрамын»

8 ақпанда Алматыда Nomad Fighting 12 турнирі өтеді. Бәсеке Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылады. Негізгі кардта өтетін жекпе-жектердің бірінде қазақстандық Еркебұлан Тоқтар Қырғызстаннан келген Марсель Нурланбек уулуға қарсы шығады. 70 келі салмақтағы шайқас 5 раундқа есептелген.

Жекпе-жек алдында Sport Pulse Еркебұланмен әңгімелесті.

– Дайындық қалай?

– Дайындық жақсы. Қазір салмағымды ретке келтірудемін.

– Жекпе-жек алдында қиындықтар бар ма?

– Жоқ ешқандай қиындық жоқ. Жарақат алған жоқпыз, тәуірміз. Барлығы жақсы.

– Қарсыласың туралы не айтасың?

– Драчун ғой, бірақ қатты бокстасады деп ойламаймын.

– Жекпе-жекке қандай жоспарың бар?

– Екі минуттан тұратын 3 раунд өткізіледі. Қарсыласымды тоқтамай ұрамын деген жоспар бар.

– Жақында «Арлан: Шешуші раунд» фильмінің тұсаукесері өтті. Туындыға сіз ресейлік актер Никита Кологривыймен бірге түстің. Жоба туралы не дейсің?

– Жобаны маған режиссер, продюссер, сценарист дайындап жазған. Мені басты рольде көріпті. Сосын кездесіп, ұсыныс жасады. Оный идеясы маған ұнады. Фильмді 40 күн түсірдік. Жұдырықтасу туралы. Түсірілім жұмыстары Алматы мен Алматы облысында өтті.

– Алматыдағы жекпе-жектен кейін қандай жоспарларың бар?

– Бұдан кейін октагонда BMF белбеуіне төбелесемін. Сол белбеуге қол жеткізгеннен кейін жарты жыл демалыс алатын шығармын. Осы демалысты қолданып киноға түсемін. Биыл мені 3-4 жоба күтіп тұр. Содан кейін қайтадан жекпе-жектерге шығамын.

Сурет: instagram.com/erkebulan_toktar