08.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Еркебұлан Сейдахмет шетелдік клубтардан ұсыныс туралы айтты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Еркебұлан Сейдахмет шетелдік клубтардан ұсыныс туралы айтты

Қазақстандық «Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет, өзінің мансабы туралы жаңа мәлімдеме жасады. Ол «Футбол жолы» бағдарламасында шетелдік клубтардан алған ұсыныстарымен бөлісті.

«Мен ресейлік клубтардың ұсынысын қарастырған жоқпын. Қазір менің агенттерім жоқ. Бұрын олармен әрдайым байланыста едім. Маған ұсыныспен танымал агенттер шықты. Олар польшалық бір клубтан ұсыныс бар екенін айтты. Дегенмен ол нақты шешілген жоқ. Нәтижесінде «Ақтөбенің» құрамына қосылдым. Оған ұзақ ойланған жоқпын. Өйткені, Қазақстанда қалатын болсам, ең алдымен аталған клубты таңдайтынымды шешіп қойған едім», — деді ол.

Еркебұлан Сейдахметтің таңдауының Қазақстанда, нақтырақ айтқанда, «Ақтөбе» клубында қалғаны оның отандық футболға деген адалдығын көрсетеді.