Оқу уақыты: 1 мин

Еркебұлан Нұрғалиев «Ертіс» футбол клубынан кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Еркебұлан Нұрғалиев «Ертіс» футбол клубынан кетті

31 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиев павлодарлық «Ертіс» командасының құрамынан кетті, деп хабарлайды  Metaratings порталы.

Футболшы жыл басында клубпен келісімшартқа отырғанымен, команданың орналасқан жерінен кетіп қалды. Оның не себепті кеткені белгісіз. «Ертіс» басшылығы да, Нұрғалиевтің өзі де жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Қазіргі уақытта «Ертіс» командасы Шымкентте жаңа маусымға дайындық өткізіп, Қазақстанның Бірінші лигасына қызу дайындалуда.