15.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эрик Споэльстра АҚШ баскетбол құрамасының бас бапкері болды

Эрик Споэльстра АҚШ баскетбол құрамасының бас бапкері болды

АҚШ баскетбол федерациясының хабарлауынша, Эрик Споэльстра ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне ресми бекітілді — ол бұл қызметте Стив Керрді алмастырды.

«Майами Хиттің» 54 жастағы жаттықтырушысы — енді америкалық құраманы екі ірі турнирге дайындайтын болады: 2027 жылғы әлем чемпионаты мен 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына.