Оқу уақыты: 1 мин

Ерғали Шамей — Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ерғали Шамей — Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Қазақстандық дзюдошы Ерғали Шамей J1 санатында (көру қабілеті бойынша шектеулі спортшылар арасында) 81 келі салмақта Әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Қола жүлде үшін ол отандасымыз Бауыржан Арстанбековпен белдесуі керек болатын. Алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартқанына байланысты, жеңіс ресми түрде Шамейдің еншісіне жазылды.

Бұл нәтиже — Ерғалидың халықаралық деңгейдегі үздік көрсеткіштерінің бірі әрі парадзюдо саласындағы қазақстандық спортшылар жетістігінің айқын дәлелі.