18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ербол Мырзабосынов «Барыс» клубындағы тағайындауға қатысты пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ербол Мырзабосынов «Барыс» клубындағы тағайындауға қатысты пікір білдірді

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мәжіліс кулуарында Сәкен Мусайбековтің «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.kz.

– Құқықтық тұрғыда Мусайбековтің спорт саласында жұмыс істеуіне тыйым салатын ешқандай шектеу жоқ. Клубтың кеңесі оны тағайындау туралы шешім қабылдады. Министрлік тарапынан біз бір жылға дейін мерзім бердік. Осы уақыт ішінде нақты әрі тиімді жұмыс жүйесі құрылуы керек. Хоккейдегі проблемалар жиналып қалған – әрі клубта, әрі ұлттық құрамада, – деді министр.

Айта кетейік, 2021 жылы Сәкен Мусайбеков алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танылып, 62,3 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген болатын.

Қазіргі таңда ол «Барыстан» бөлек, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президенті, сондай-ақ Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының басшысы қызметтерін атқарады.