09.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ербол Хамитов Швецияда алтын медаль жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық парабиатлоншы Ербол Хамитов Швецияда өткен Әлем кубогы кезеңінде керемет нәтиже көрсетіп, спринтерлік жарыста алтын медаль жеңіп алды.

7,5 шақырымдық (отырып) қашықтықта Ербол 19 минут 38 секунд нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Күміс және қола медальдар украиналық спортшылар Павло Бал мен Александр Алексыкке бұйырды.

Басқа қазақстандық спортшылар да жақсы өнер көрсетті. Сергей Усольцев 9-шы орынға табан тіресе, Александр Герлиц «тұрып» санатында бесінші орынды иеленді.

Ербол Хамитов өзінің параспорттағы жоғары шеберлігін тағы да дәлелдеп, халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтатты.