Оқу уақыты: 1 мин

Эр-Риядтағы Бетербиев — Бивол реванш жекпе-жегінің басталу уақыты белгілі болды

Эр-Риядтағы Бетербиев — Бивол реванш жекпе-жегінің басталу уақыты белгілі болды

Алдағы демалыста Эр-Риядта (Сауд Арабиясының астанасы) күтілген жекпе-жек өтеді. Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атағы үшін реваншқа шығады.

Екі жеңілмеген боксшының кездесуі 22-ден 23-ші ақпанға қараған түні өтеді. Трансляция Астана уақыты бойынша 01:30-да DAZN стриминг платформасында басталады.

Еске салайық, бұл боксшылардың алғашқы жекпе-жегі шамамен төрт ай бұрын дәл осы Эр-Риядта өткен болатын. Сол кезде төрешілердің басым дауысымен жеңіс Артур Бетербиевке берілді.