18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эмилиано Сала ісі бойынша сот желтоқсанға шегерілді

Эмилиано Сала ісі бойынша сот желтоқсанға шегерілді

«Кардифф Сити» мен «Нант» арасындағы Эмилиано Саланың қазасына байланысты сот ісі қыркүйектен 2025 жылдың 8 желтоқсанына шегерілді — бұл туралы валлий клубының баспасөз қызметі хабарлады.

«Нант» сәуір айында белгіленген тыңдау күніне қарамастан, істі қарауға дайын еместігін алға тартып, кейінге қалдыруды сұрады. «Кардифф» қайғылы оқиғаға байланысты қаржылық шығындар үшін 100 миллион фунт стерлингтен астам өтемақы талап етуде.

«Кардифф Сити француз сот жүйесіне сенім білдіреді және 8 желтоқсанда сотта өз ісін ұсынуға дайын болады», — делінген клуб мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, Эмилиано Сала мен ұшқыш Дэвид Ибботсон 2019 жылдың қаңтарында футболшы жаңа клубқа қосылу үшін Нанттан Кардиффке бара жатқан кезде авиаапатқа ұшырап қаза тапты. Осы қайғылы оқиғадан кейін валлий клубы Премьер-лигадан, кейін Чемпионшиптен де түсіп қалды.

2023 жылдың қаңтарында «Кардифф» Саланың трансфері үшін 15 миллион фунт көлеміндегі бірінші төлемді жасады, содан кейін ФИФА клубтан трансферлік тыйымды алып тастады.