07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эмиль Галимов «Барыс» сапына қосылады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Эмиль Галимов «Барыс» сапына қосылады

Metaratings.ru порталының хабарлауынша, астаналық «Барыс» клубы тәжірибелі шабуылшы Эмиль Галимовпен бір жылдық келісімшарт жасау туралы ауызша келісімге келген. Хоккейшінің ресми түрде командаға қосылғаны алдағы күндері жария етілуі мүмкін.

33 жастағы Галимов өткен маусымды Омбының «Авангард» клубында өткізді. Ол ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты мен плей-офф кезеңінде 16 матчқа қатысып, 8 (4+4) ұпай жинады. Пайдалы әрекет коэффициенті — «-4».

Бұған дейін шабуылшы СКА, «Ак Барс», «Локомотив» және өзінің кәсіби жолын бастаған «Нефтехимик» сапында өнер көрсетті. Туған қаласы — Нижнекамск. Галимовтың ҚХЛ-де 600-ден астам ойын өткізу тәжірибесі бар.

Ол алдағы маусым қарсаңында «Барыстың» шабуыл шебін күшейтуге тиіс.