11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эмиль Галимов «Барыс» сапын толықтырды

Эмиль Галимов «Барыс» сапын толықтырды

Шабуылшы Эмиль Галимов мансабын қазақстандық «Барыс» сапында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейші мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі бір жылға жасалды.

Өткен маусымда Ғалымов мұз айдынына шықпаған Санкт-Петербордың СКА командасында, сондай-ақ 2024 жылдың қарашасында ауысқан Омбының «Авангард» клубында өнер көрсетті.Омбылық команда сапында тұрақты ҚХЛ чемпионатында 15 ойын өткізіп, 8 (4+4) ұпай жинады. Гагарин кубогында Эмиль тек бір матчта ойнап, ұпай жинай алмады.

Галиов 33 жаста. Хоккейші жоғарыда аталған клубтармен қатар, «Ақ Барс», «Нефтехимик» және «Локомотив» командаларында өнер көрсеткен.