26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елянур Турганова Странджа-2025 кубогында сенімді жеңіске жетті

Софияда (Болгария) өтіп жатқан Странджа-2025 бокс турнирінде қазақстандық Елянур Турганова жартылай финалға жолдама алды.

50 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Түркия өкілі Борут Эриванды 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық спортшылар жарысты аяқтады:

  •  Ақбота Болат (48 кг) 1/8 финалда түркиялық Рабия Топузға жол берді
  • Гүлнар Тұрапбай (50 кг) ширек финалда болгариялық Златислава Чукановадан жеңілді