Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Елянұр Тұрғанова Бакудегі турнирді қола жүлдемен аяқтады

Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан атынан сынға түскен Елянұр Тұрғанова 50 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда өнер көрсетуін аяқтады.

Финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте Тұрғанова өзбекстандық Сабина Бобокуловамен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен қарсыласына жол берді. Осылайша, жастар арасындағы әлем чемпионы Елянұр Тұрғанова турнирді қола медальмен қорытындылады.

Айта кетейік, Бобокулова — жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионы, сондай-ақ 22 жасқа дейінгі құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы. Ол енді алтын медаль үшін финалдық жекпе-жекке шығады.