21.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елордалық клуб әйгілі шабуылшымен келісімшартқа отырғанын жариялады

Елордалық клуб әйгілі шабуылшымен келісімшартқа отырғанын жариялады

«Жеңіс »танымал грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидземен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шабуылшының жаңа келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды деп хабарланды.

Еске сала кетейік, Лобжанидзе 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымында «Жеңіс» жейдесінде  11 ойын өткізіп, төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Астаналық клуб маусымды лига кестесінде 36 ұпаймен алтыншы орында аяқтады.

Элгуджа Лобжанидзе Қазақстанда басқа клубтардағы өнерімен де танымал. Қазақстан Премьер-лигасында ол «Тараз», «Қайсар», «Тобыл» және «Қызылжар» командаларында ойнады.