Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Елизавета Матвеева: Азия чемпионатының медалі үшін күрескім келеді

Айнат Қабидулла
Айнат Қабидулла Тілші
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Елизавета Матвеева: Азия чемпионатының медалі үшін күрескім келеді

Қазір Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Аталмыш турнирде биіктікке секіру сайысында еліміздің намысын Елизавета Матвеева қорғайды. Ол бұл жарыста жүлдеге таласуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы prosports.kz жазды.

«Ел ішіндегі барлық ірі жарыстарға қатысу менің жоспарымда бар. Қазақстан чемпионаты, Қазақстан кубогы және Қосанов мемориалы. Сонымен қатар Еуропадағы жарыстарға қатысып, жазғы әлем чемпионатына жолдама беретін қажетті ұпайларды жинағым келеді. Маусымдағы алғашқы маңызды жарыс — Кореяда өтетін Азия чемпионаты. Бұл бәсекеде жақсы нәтиже көрсетіп, жүлде үшін күрескім келеді.

Қазір мен Түркияда оқу-жаттығу жиынында дайындалып жатырмын. Барлығы қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Жазғы маусымды асыға күтіп жүрміз», — деді спортшыны Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Азия чемпионаты Гуми қаласында 27–31 мамыр аралығында өтеді.