Оқу уақыты: 1 мин

«Елімай» жетінші тур ойынын өз алаңында өткізеді

«Елімай» жетінші тур ойынын өз алаңында өткізеді

Семейлік «Елімай» 4 мамыр күні өтетін ойынында өз алаңына оралады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу 4 мамырда сағат 18:00-ге белгіленген. Ойын жергілікті «Спартак» стадионында «Оқжетпеске» қарсы өтеді.

Қазақстан Премьер-Лигасының 7-тур ойынында команда осылайша жергілікті жанкүйерлмен қауышады.

Қазір турнир кестесінде команда 10 ұпаймен бесінші орында келеді. Команда алдында жүлделі орынның біріне қол жеткізу міндеті тұр.

«Спартак» стадионының дайын болмауына байланысты команда қазірге дейін өз алаңындағы ойынын елордадағы «Астана-арне» стадионында өткізіп келді.