Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Елімай» өткен маусымдағы есесін қайтарды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
«Елімай» өткен маусымдағы есесін қайтарды

Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті турында «Елімай» сырт алаңда «Жетісу» командасынан айқын басым түсті — 3:0.

Ойынның басынан-ақ семейлік клуб қарсылас қақпасына қысым жасап, нәтижесін ерте шығарды. 2-минутта Самюэль Одеоибо мергендік танытып, есеп ашты. Бірінші таймның соңында Фессу Плакка таблодағы айырманы екі допқа жеткізді (45′).

Екінші таймда да «Елімай» өз қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 64-минутта Фейсал Мулич үшінші голды соғып, кездесудің тағдырын түбегейлі шешті.

Өткен маусымда «Жетісуға» жол берген «Елімай» бұл жолы сенімді жеңіспен реванш алып, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты.