09.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Елімай» мен «Астана» жеңулері керек, «Тұран» да ұпай алса, таңқалмаймын – комментатор КПЛ-дің 2-тур ойындары жайлы

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

9 наурызда футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турының соңғы үш матчы өтеді.

Sport Pulse тілшісіне берген сұхбатында комментатор Олжас Байбосынов алдағы ойындарға қатысты пікірін айтты.

Ақтөбе – Тұран

– Әзірге бірде-бір гол жібермеген «Тұранның» қорғанысын «Ақтөбе» бұза ала ма?

– Бұл қызықты матч болуы тиіс. Ақтөбеде қар жауды, ауа райы суық, ал ойын сапасы туралы пікір білдірмей-ақ қояйын. Егер «Тұран» ұпай алса, мен таң қалмаймын.

Фото: instagram.com/fc.turan/ Тұран – Оқжетпес, 2 наурыз 2025 жыл

Елімай – Қайсар

– Чемпионатты сәтсіз бастаған қос команда арасындағы кездесуде кім жеңеді?

– «Елімай» міндетті түрде жеңуі керек. Одан басқа нұсқаны көріп тұрған жоқпын.

Фото: instagram.com/fc_elimai/ Атырау – Елімай, 1 наурыз 2025 жыл

Қызылжар – Астана

– Алғашқы турда қарсыластарымен тең ойнаған екі команданың қайсысы мықтырақ болады?

– «Астана» үш ұпай алуы тиіс. Егер олар чемпиондық атақ үшін таласқысы келсе, мұндай матчтарда жеңіске жетуі керек.

«Астана» ФК

8 наурызда премьер-лиганың екінші туры аясында төрт матч өтті. Көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Атырауды» 2:1 есебімен жеңді. «Астана Аренада» өткен астаналық «Жеңіс» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы кездесуде есеп ашылмады — 0:0. Алматыда өткен «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ұлытау» (Жезқазған) арасындағы матч та тең нәтижемен аяқталды. Қос команда гол соққан жоқ.

Ал, күннің соңғы матчында Алматының Орталық стадионында «Қайрат» шымкенттік «Ордабасы» қақпасына жауапсыз төрт доп тоғытты.

Басты сурет: instagram.com/fc.turan/