Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Елімай» қосымша минутта жеңісті жұлып әкетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан Премьер-лигасының 5-туры аясында елордада «Жеңіс» өз алаңында «Елімайды» қабылдады. Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталғанымен, тартысты кездесудің тағдырын төреші қосқан қосымша уақыт шешті.

Қосылған 4 минуттың алғашқы минутында «Елімай» сапындағы Одеоибо баспен соққан голының арқасында командасына маңызды үш ұпай сыйлады. Осылайша, маусымда алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқан «Жеңіс» турнир кестесінде 10-орынға төмендеді, ал «Елімай» 5-орынға көтерілді.