Бразилиялық сол жақ қорғаушы Энцо Мендеш «Елімай» қатарын толықтырды, деп хабарлайды BasSport.kz, семейлік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 жастағы Бразилиялық қорғаушы, мансабының басым бөлігін Португалия лигасында өткізді.
Мендеш — «Desportivo Brasil» академиясының түлегі болып табылады. Португалияның «Portimonense» футбол клубында 2 маусым ойнап, былтырғы «Leixões» ұжымында өнер көрсетті. Жалпы 32 ойын кәсіби алаңда өткізіп үлгерді.
Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!