Оқу уақыты: 1 мин

«Елімай» 23 жылдан кейін «Қайратты» жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Елімай» 23 жылдан кейін «Қайратты» жеңді

Футболдан «Елімай» клубы 23 жылдан кейін «Қайратты» жеңді! Бұл тарихи жеңіс Премьер-лига турнирінің 9-шы турында тіркелді.

2002 жылдың 9 тамызы – соңғы рет «Елімай» Алматының «Қайратынан» жеңіскке жеткен болатын (1:0), сол кезде команда басшылығын Виктор Кумыков атқарған еді.

Содан кейін екі клуб арасындағы 10 матчтың 9-ы «Қайраттың» жеңісімен аяқталды, 1 ойын тең нәтижемен тәмамдалды.

Ал биылғы маусымда «Елімай» өз алаңында «Қайратты» 1:0 есебімен жеңіп, бұл тарихи жеңісті атап өтті.