31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Елімайдың» уругвайлық ойыншысы алдағы «Оқжетпеске» қарсы матчқа қатыспайды

«Елімайдың» уругвайлық ойыншысы алдағы «Оқжетпеске» қарсы матчқа қатыспайды

«Елімайдың» 24 жастағы уругвайлық қорғаушысы Кевин Ролон алдағы 19-турдағы «Оқжетпеске» қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

18-турдағы «Жетісуға» қарсы ойында (3:0) Кевин Ролон биылғы маусымда төртінші рет ескерту алды. Ол алдағы «Оқжетпеске» қарсы матчқа қатыспайды.

Жалпы, Кевин Ролон биылғы чемпионатта 15 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.

Айта кетейік, «Оқжетпестің» қорғаушылары Арсен Әшірбек пен Санжар Сатанов та бұл кездесуге қатыса алмайды.