13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Елімай» қорғаушы Адильхан Добайға қызығушылық танытып отыр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Елімай» қорғаушы Адильхан Добайға қызығушылық танытып отыр

Meta-ratings.kz порталының хабарлауынша, Павлодардың «Ертіс» клубында өнер көрсететін оң қапталдағы қорғаушы Адильхан Добайға Қазақстан Премьер-лигасының өкілі — семейлік «Елімай» клубы қызығушылық білдіруде.

Ақпарат көзіне сенсек, ойыншыны қатарға қосу туралы бастаманы «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карповичтің өзі көтерген.

Адильхан — «Оңтүстік академиясының» түлегі. Қазіргі таңда Қазақстанның Бірінші лигасында ойнайтын «Ертіс» сапында өнер көрсетіп жүр.

Биылғы маусымда ол чемпионат пен ел кубогы аясында тоғыз матчқа қатысып үлгерген. Әзірге гол немесе нәтижелі паспен көзге түскен жоқ.