27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Елімай» дәрігері ұшақта адам өмірін сақтап қалды

«Елімай» дәрігері ұшақта адам өмірін сақтап қалды

«Елімай» футбол клубының дәрігері Әсет Жарықбасов «Өскемен-Алматы» әуе рейсі кезінде денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған жолаушыны құтқарып қалды.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

— Бүгін Өскемен – Алматы бағытындағы әуе рейсі кезінде бір жолаушының денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған болатын. Абырой болғанда, біздің командамыздың дәрігері – Жарықбасов Асет Талгатұлы дәл сол сәтте ұшақта болды.

Әсет Талғатұлы шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрекке массаж жасап, жолаушыны есіне келтіріп, оның өмірін сақтап қалды, — деп жазылған хабарламада.