28.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елена Рыбакинаның Miami Open турнирінен ерте шығуы — алаңдатарлық белгі

Essentiallysports.com мәліметінше, әлемнің сегізінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Miami Open турнирінен ерте шығып қалуы — жанкүйерлер мен сарапшылар үшін алаңдатарлық жағдай.

Турнирдің алғашқы матчында Эшлин Крюгерге жеңілуі ерекше назар аудартты. Өйткені, соңғы екі жылда қазақстандық теннисші Маямидегі жарыстың финалына дейін жеткен еді.

Жағдайды күрделендіріп тұрған тағы бір фактор — оның жаттықтырушылар құрамындағы өзгерістер. Қазіргі таңда Рыбакинамен Давиде Сангвинетти жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, спортшы этикалық кодексті бұзғаны үшін WTA бір жылға шеттеткен Стефано Вуковпен байланысын жалғастыруда.

Ағымдағы маусымда қазақстандық теннисші әзірге бірде-бір титул жеңіп алған жоқ. Бұл оның қазіргі спорттық формасына қатысты сұрақтарды көбейте түсуде.