23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Берлинде (Германия) өткен турнир қорытындысы бойынша спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей рейтингтің көшбасшысы екінші орында тұрған АҚШ өкілі Кори Гауффтен озған тұрған беларусь Арина Соболенко қалды. Үздік үштікте тағы бір америкалық Джессика Пегула тұр.

Қазақстанның ең мықты өкілі Елена Рыбакина 11-орында қалды. Еске салайық, Берлиндегі турнирдің ширек финалында ол үш сетте драмалық кездесуде Арина Соболенкоға есе жіберген болатын — 6:7, 6:3, 6:7.

50 үздіктің қатарынан тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жеті позицияға төмендеп, 34-ші орынға жайғасты.