10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина жаттықтырушысымен қоштасатыны туралы қауесетке жауап берді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рыбакина источник olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің командасында өзгерістер болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Pulse.

«Шынында да, тараған жаңалықтардың көбі ойдан шығарылған. Мұны қатты талқылағым келмейді, өйткені әрқашан жазылған ақпарат шындыққа жанаса бермейді. Қазіргі командам сол күйінде бар», – деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол Давиде Сангинеттимен серіктестігіне тоқталды:
«Әзірге ол менің командамда. Біз байланыстамыз. Сондықтан бәрін болғандай етіп айтудың қажеті жоқ», – деді теннисші.