31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина – Жаклин Кристиан кездесуінің тікелей трансляциясы

Елена Рыбакина – Жаклин Кристиан кездесуінің тікелей трансляциясы

Монреальда WTA 1000 National Bank Open турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымдағы кездесуде қазақстандық Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №12) румыниялық теннисші Жаклин Кристианға (WTA рейтингінде №52) қарсы шығады.

Кездесу 1 тамызда өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 05:30-да басталады. Оның тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы көруге болады.

National Bank Open 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 5 152 599 доллар.