02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Уимблдонның келесі кезеңіне сенімді өтті

Елена Рыбакина Уимблдонның келесі кезеңіне сенімді өтті

Әлемнің он бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі өнерін сәтті бастады — деп хабарлайды Wimbledon.com.

Бастапқы матчта қазақстандық теннисші — Армения өкілі Элина Аванесянды (WTA рейтингінде 49-шы орын) 6:2, 6:1 есебімен сенімді жеңді.

Рыбакинаның келесі қарсыласы әлемдік рейтингте 77-ші орында тұрған грек спортшысы Мария Саккари болады — ол өз матчында ресейлік Анна Блинковадан (78) 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 22,7 миллион еуроны құрайды — жеңімпаз 3,5 миллион еуро мен 2000 рейтингтік ұпай алады. Турнирдің қазіргі чемпионы WTA рейтингінде 16-шы орында тұрған чехиялық теннисші Барбора Крейчикова.