27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің жартылай финалында сенсациялық түрде жеңілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің жартылай финалында сенсациялық түрде жеңілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Вашингтон турнирінің жартылай финалында күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды. Ол аса тартысты матчта канадалық Лейла Фернандеске есе жіберді – 6:7, 7:6, 6:7.

Кездесу үш сетке созылып, бәрі тай-брейкпен аяқталды. Матч ұзақтығы екі жарым сағаттан асты. Жанкүйерлер үшін өте қызықты ойын өткенмен, фаворит саналған Рыбакина финалға өте алмады.

Финалда Фернандес ресейлік Анна Калинская мен британдық Эмма Радукану арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, биылғы турнирдің жүлде қоры 1 282 951 долларды құрайды. Чемпион 200 мың долларға жуық қаржы мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.