Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Страсбургтегі жеңісінен кейінгі жоспарларын айтты

Елена Рыбакина Страсбургтегі жеңісінен кейінгі жоспарларын айтты

Championat.com хабарлауынша, әлемнің он екінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Страсбургтегі WTA-500 турнирінде Людмила Самсонованы 6:1, 6:7 (2:7), 6:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

«Біз титулды пойызда тойлайтын шығармыз. Бүгін кетуім керек, себебі дүйсенбіде ойнаймын. Маған бейімделуге бір күн беріледі», — деді Рыбакина.

«Ролан Гарросқа бірнеше матч тәжірибесімен және үлкен сенімділікпен келемін. Бұл маған жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесуі мүмкін. Турнирге матч-матчпен қарауды жоспарлап отырмын», — деп атап өтті теннисші.